ҚАЗАЛЫЛЫҚ БҰРЫМДЫ АРУ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бұрымды ару - 2015» атты облыстық байқау өткізілді.
18-28 жас аралығын қамтыған додаға Шымкент, Жамбыл, Орал, Қызылорда қалаларынан және Қызылорда облысына қарасты барлық аудандардан бұрымды арулар қатысып, өз бақтарын сынады.
Байқауға Қазалы ауданының намысын қорғау үшін аудандық мәдениет Орталығының қызметкері Айнұр Оспанова қатысып, бірінші орынды қанжығасына байлап қайтты. Ол байқау шарттарына сәйкес «Мен қазақтың аруы» кезеңінде өзін таныстырса, «Өнерім – менің өрісім» кезеңінде бойдағы өнерін ортаға салды және «Қыздың сәні – қос бұрым» кезеңінде шаш үлгісін көрсетіп, «Зерделі екен бұрымды...» деп аталатын кезеңде әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап берді.