ҚЫЗЫЛОРДАДА ИБАЛЫ КЕЛІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ
Көктемнің нұрлы шуағымен бірге келген шұғылалы әйелдер мерекесі қарсаңында Майлыбас ауылдық округінде «Келіні көргенді үйдің - көңілі жайлау» атты келіндер сайысы болып өтті. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жас келіндерді халыққа таныстыра отырып оларды инабаттылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ауылдық мекемелердің үлгілі келіндері қатысып, өзара бақ сынасты. Олар өздерін көпшілікке таныстыру, сұрақтарға жауап беру, өнерлерін ортаға салу, қолөнер бұйымдарын дайындау және ене мен келін арасындағы сыйластық туралы көріністер көрсетумен қатар, ұлттық тағам түрлерін әзірлеуден сайысты.
Шара барысында қазақ келіндерінің ибалылығы мен инабаттылығына, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтай білуіне, жүріс-тұрысы мен сахна мәдениетін игеруіне, сөйлеу мәдениетіне, білімділігі мен біліктілігіне және киім кию үлгісіне баса назар аударылды.
Нәтижесінде ауылдық емхана ұжымының атынан сынға түскен Ардақ Өмірзақова жан-жақты дайындығымен оқ бойы озып шығып, бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынды №100 мектеп додаға қосқан Альфира Нұрқожаева, екінші орынды №9 балабақша ұжымынан қатысқан Гүлнара Баймұратова және үшінші орынды ауылдық клубтың атынан сынға түскен Шынар Исаева иеленді.
Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.