ҚАЗАЛЫДА ӨНЕРЛІ ӘЖЕЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ
Қазалы ауданы Бозкөл ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қайран, біздің шешелер арды ойлаған!» атты Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында аймақтық әжелер сайысы өтті.
Байқауға Бозкөл, Аранды, Қожабақы, Бірлік, Лақалы ауылдарынан өнерлі әжелер қатысып, өздерін таныстыру, қазақы салт-дәстүрлер туралы сұраққа жауап беру, ұлттық тағам түрлерін әзірлеп ұсыну және өз өнерлерін ортаға салу кезеңдерінен өтті.
Ауыл активтерінен құралған қазылар алқасының шешімімен Бозкөл ауылынан қатысқан Бозкөл Досжанова бас жүлдені жеңіп алса, Набат Иманғали бірінші орынды иеленді. Екінші орын Қожабақы ауылынан қатысқан Гүлмариям Оспанова мен Бозкөл ауылынан қатысқан Светлана Әбдікероваға тиесілі болды. Үшінші орынды Өркендеу ауылынан қатысқан Мейрамкүл Есалиева алды.
Ұрпаққа үлгі болар өнегелі іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.