ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРГЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ
Жұмыссыз жүрген Асылбек Бағыберген өткен жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2,4 млн теңге несие алған. Аталған қаржыға 9 бас жылқы малын сатып алып, кәсіпкер ретінде өз кәсібін ашты. Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған жас жігіт, ауыл жастарына үлгі болып отыр.
24 жастағы Асылбек Бағыберген Қазалы ауданы Алға ауылдық округіне қарасты Үрмәш Түктібаев ауылында дүниеге келген. Жанұясында әкесі, шешесі және іні-қарындастарымен тұрады.
24 жастағы Асылбек Бағыберген Қазалы ауданы Алға ауылдық округіне қарасты Үрмәш Түктібаев ауылында дүниеге келген. Жанұясында әкесі, шешесі және іні-қарындастарымен тұрады.