ҚАЗАЛЫЛЫҚ ҚЫЗДАР ОБЛЫСТЫҚ «МЕРГЕН АРУ - 2015» БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Қызылорда облыстық білім басқармасының аймақтық дене тәрбиесі орталығыныңұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында «Мерген ару – 2015» облыстық жарысы өтті. Жарысқа Қызылорда қаласынан және аудандардан 8 команда қатысты.
Сайыс нәтижесінде АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау жаттығуында Қазалыдағы №17 мектеп оқушысы Домбай Айдана ІІ орын, пневматикалық мылтық ату жаттығуында аудан командасы ІІІ орынды алды. Ал, облыстық жарыстың қорытындысымен жалпы командалық есепте Қазалы ауданы І орынды иемденді, делінген аудан әкімінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.