ҚАЗАЛЫЛЫҚ МЕРГЕН ҚЫЗДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында «Мерген ару – 2015» аудандық жарысы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пневматикалық мылтықтан ату және АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша өткізілген жарысқа аудан мектептерінен 28 команда қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыстың қорытындысымен пневматикалық мылтық атудан жүлделі орынды №88 мектеп командасы, ІІ орынды №91 мектеп командасы, ІІІ орынды №94, №98 мектеп командалары жеңіп алды. АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан №16 мектеп оқушысы М.Изим І орын, №97 мектеп оқушысы Ж.Миха ІІ орын, №88 мектеп оқушысы Г.Алпамыс ІІІ орын алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім бөлімінің, «Отан» қоғамдық бірлестік кеңесінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарына ие болды. Алдағы күндері жарыс жүлдегерлерінен жасақталған аудан құрама командасы облыстық «Мерген ару-2015» жарысына қатысуға дайындық жүргізуде.