ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Тәуелсіздік алғалы бері толық зерттеліп, тұлғасы кейінгі ұрпақ үшін терең танылып болмаған кемеңгерлер қазақ халқында аз емес. Солардың бірегейі Мұстафа Шоқайдың туғанына биыл 125 жыл. Осындай мерейлі той Қазақ хандығының 550 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Осыған сәйкес, бүгін Қазалыда алаш арысын еске алуға арналған «Тарих толқынында» атты кеш өтті. Кештің басты мақсаты – тұтастай түркі әлеміне танымал тұлғаның есімін ел арасында насихаттау, дәріптеу, есте қалдыру, жас ұрпақтың санасына сіңіру.
Кеш барысында Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Б.Түменбаев пен Қазалы көлік-техникалық колледжінің оқытушысы Ж.Дошанова өмірінің соңына дейін түркі халықтарының тәуелсіздігі үшін күрескен Мұстафа Шоқай туралы тарихи деректерден сыр шертті. Мектеп оқушылары мен студенттер жиналған көпшілікке М.Шоқайдың хаттарын оқып берсе, өнерпаздар әннен шашу шашты.