КӘСІПКЕРЛЕР БАҒДАРЛАМА ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұстанып, өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, өзгені де жарылқайтын жомарт кәсіпкерлер жетерлік. Тек жаңа жұмыс, жаңа жобаның басын шалуға тәуекелділік қажет. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осындай тәуекелділікке барып, мемлекет қамқорлығын көріп отырған жандардың бірі Қазалы ауданының тұрғыны Тәрбие Айдарова. Ол 2011 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында тігін цехын ашпақ ниетпен аудандық жұмыспен қамту орталығына несие алуға өтініш білдіреді. 2014 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 500,0 мың теңге несие алып, өз кәсібін бастайды.
Қазіргі уақытта тігін цехы халық сұранысын қанағаттандырып отыр. Цехта 2 адам еңбек етеді. Ұлттық нақышпен өрнектелген қыз жасауы, төсек жабдықтары тұтынушылардың көңілінен шығып отыр.
Айта кетейік, өткен жылы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікпен айналысам деген 165 адамға (49 жастар, 10 мүгедек) 417,8 млн. теңге несие беріліп, өз кәсіптерін бастауға мүмкіншілік жасалған.