ҚАЗАЛЫДА БИ ӨНЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ
Қазалы ауданында қазақ биін дамыту, қолдан келсе байыта түсу – бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отырғаны ақиқат. Осы мақсатта аудандық мәдениет Орталығында «Айгөлек» атты бишілер байқауы өткізілді.
Жастардың би өнеріне қызығушылықтарын арттыру, тұла бойының әсем жаратылуының қалыптасуына, эстетикалық тәлім – тәрбиеге үйрету, би ұжымдарының шығармашылығын шыңдау бағытындағы байқауға20 би ұжымы қытстырылды. Олар кіші және үлкен топ бойынша өнер көрсетіп,бірінші кезеңде қазақ биінің қадір-қасиетін дәріптесе, екінші кезеңде өзге ұлттардың билерін орындады. Адамның ішкі жан-дүниесін көрсететін би өнері бірде делебені қоздырып, енді бірдемұңайтып көзге жас үйіріп көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Байқауға аудандық мәдениет орталығының би үйірмесінің жетекшісі Рсалиева Индира, аудандық оқушылар Үйінің би үйірмесінің жетекшісі Өтегенова Гүлиариям қазылық жасап, би қимылдарының мәнерлеу қабілетіне, орындаған би мағынасының толықтай суреттелуіне назар аударды.
Нәтижесімен 4-6 жас ерекшелігіндегі кіші топтар арасынан «Ақбота» балабақшасының «Еркетай» бишілер тобыбірінші орын иеленсе, «Балапан» балабақшасының «Әдемі-ай» тобы екінші орын, «Айгөлек» балабақшасының «Айгөлек» тобы және «Ақмарал» балабақшасының «Сымбат» тобы үшінші орынға табан тіреді.
Ал, 7-15 жас ерекшелігіндегі үлкен топтар арасынан Қожабақы ауылдық «Жұлдыз» бишілер тобы бірінші орын, №165 мектептің «Сәкен сұлулары» бишілер тобы екінші орын, №266 мектеп-лицейдің «Тұмар» бишілер тобы, майдакөл ауылдық «Інжу маржан» бишілер тобы және №70 мектептің «Шернияз» бишілер тобы ІІІ орынды өзара бөлісті.Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.