ҚАЗАЛЫДА ҰЛТТЫҚ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Кеше Қазалы ауданында «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың жайы туралы» мәселе бойынша Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тұрақты коммиссияға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Р.Байназарова, облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова, облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Алқа отырысында баяндама жасаған аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Мақашов балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Жалпы ауданда мектеп оқушыларының демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы аудан бойынша 13 286 оқушының 3965 баласы, яғни, 30 пайызы демалыспен, 9 252-ке жуық бала, яғни 69,6 пайызы жұмыспен қамту жоспарлануда. Ал лагерге 560 баланы демалдыру көзделуде. Онда тұрақты түрде 13 үйірме жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Шағала» лагерінде балаларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу мақсатында ағаш үй тігіліп, ұлттық ойындар үйірмесін ашу жоспарлануда.
Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 30 әмбебап жасанды жасыл алаң, 2 стадион, 2 спорт кешені жұмыс жасайды. Онда 27 спорт нұсқаушысы спорттық шараларды ұйымдастырады.