ТЕМІРЖОЛ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА
Мемлекет басшысының 2015 жылдың 11 ақпанында өткізген ел Үкіметінің кеңейтілген отырысында әлемде орын алып отырған экономикалық дағдарысқа байланысты еліміз бойынша дағдарысқа қарсы жасалған бағдарламалар мен жоба-жоспарлардың, экономикалық қиындықтардың алдын алу іс-шараларына сәйкес аудан әкімі Бахыт Жаханов аудан көлемінде орналасқан бірқатар теміржол мекемелерінің өндіріс орындарында болып, «Қазалы локомотив жөндеу зауытында теміржол мекемелері басшыларымен арнайы мәжіліс өткізді.
Кездесуде Қазалы локомотив жөндеу зауыты мен Қазалы вагон жөндеу депосынының және №60 ірілендірілген жол дистанциясының, Қазалы станциясының, «Жол жөндеуші компаниясы» ЖШС Қазалы филиалының 2014 жылы атқарған жұмыстарымен алдағы жылдарға жұмыс жоспарлары туралы мекеме басшылары ақпарат берді, делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында
Айта кетейік, Қазалы ауданы өнеркәсібінің 37,8 пайызын және жергілікті бюджетке түсетін түсімнің 22,8 пайызын қамтамасыз етіп отырған аудан көлемінде орналасқан 16 теміржол мекемелерінде 2896 адам қызмет жасайды. Теміржолшылар аудандағы жұмыспен қамтылғандардың 36,6 пайызын құрайды.