ОҚУШЫЛАР ПНЕВМАТИКАЛЫҚ МЫЛТЫҚ АТЫП ЖАРЫСТЫ
Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толуына орай жауынгер-интернационалист Нұржан Әзиев атындағы жүлде үшін пневматикалық мылтық атудан оқушылар арасында аудандық турнир өткізілді.
Биыл екінші жыл өткізіліп отырған турнирге қатысушылар пневматикалық мылтықтан ату және бөлімше командирлерінің сайысы, яғни АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша сайысқа түсті.
Жарыс қорытындысымен жүлделі орын иемденген командалар мен жекелеген оқушылар аудандық білім бөлімінің, Қазалы аудандық «Отан» қоғамдық бірлестік кеңесінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарымен және Азиевтер отбасының арнайы жүлделерімен марапатталды. Пневматикалық мылтық атудан жүлделі І орынды №170 мектеп командасы, ІІ орынды №234 мектеп командасы, ІІІ орынды №165 мектеп командасы иемденді. Бөлімше командирлерінің сайысында №226 гимназия оқушысы Айбек Тұрғанбай І орын, №98 мектеп оқушысы Мнажат Сейтенов ІІ орын, №234 мектеп оқушысы Жақсылық Жолмырза ІІІ орын алды.
Ал, турнирдің «Мерген» бағамымен №170 мектеп оқушысы Сұлтан Шымберген, №165 мектеп оқушысы Нұрсұлтан Тоқбосын, №234 мектеп оқушысы Жомарт Жақсылық марапатталды.