ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Қазалы ауданының мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген дарынды талант иесі, композитор, қобызшы, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Арман Әуез Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арман Махамбетұлы Әуезовтер жанұялық ансамблінің құрамында өнер көрсетіп, 1979 жылы Москвада Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің байқауында ІІІ орын иеленген. Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңесінің және Үкіметінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол қазіргі таңда аудандық Оқушылар Үйінің директоры қызметін атқарады.