ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің қатысуымен кент тазалығына байланысты дәстүрлі апталық жиын өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Кенттегі көше тазалығына немқұрайлы қарап, ластануына жол берген тұрғындарды анықтау мақсатында Әйтеке би кенті әкімдігі жанынан 3 бөлім бойынша жедел топ құрылған. Күнделікті 3 мезгіл рейдтік жұмыстар жүргізумен айналысқан топтың апталық қорытындысын және БАҚ-та жүргізіліп жатқан насихат жұмыстарын кент әкімінің орынбасары Қуаныш Сансызбаев баяндап өтті.
«Рейд барысында санитарлық нормалар мен абаттандыру ережелерін бұзған, тазалықтың сақталмауына ретсіз жол беріп отырған тұрғын үй аумақтары тексеріліп, нәтижесінде 15 адам ұсталып, ішкі істер бөліміне жеткізіліп, хаттамалар толтырылған. Кент әкімдігінің бөлім басшылары да өз бөлімдері арқылы жүргізген рейд қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ, аудан басшысы үгіт-насихат жұмыстары мен рейдтік тексерулерді бұдан әрі күшейтуге тапсырма берді», - делінген хабарламада.