ҚАЗАЛЫДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше аудан әкімі Бахыт Жахановтың төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы ауданның егіншілік саласының басшыларымен арнайы кездесу өтті.
Хабарлама жасаған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күнтілес Назымбеков 2015 жылға барлығы 17600 га. егіс егу межеленіп отырғандығын жеткізді. Оның ішінде дәнді дақылдар 7870 га., мал азықтық дақылдар 7330 га., картоп, көкөніс, бақша 2350 га., майлы дақылдар 50 га. және негізгі дақыл күріш егісі 7670 гектарды құрайды. Биылғы жылдан бастап егіске ІІІ репродукциялы тұқымнан төмен тұқым себілген егістікке субсидия төленбейді. Қазіргі таңда шаруашылықтарда дайындалған тұқымдарды тазалап, себу дәрежесіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылға 23 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын сатып алу жоспарлануда. Су жолдары мен гидротехникалық бекеттерді жөндеу жұмыстары наурыз айында толығымен аяқталатын болады.
Биылғы жылдан бастап күріш дақылы егісін тұрақтандырып, басқа да дақылдардың көлемін ұлғайтуымыз қажет деген мәжіліс төрағасы Бахыт Жаханов бұл жөнінде бірқатар мәселелерді қазірден бастап шешу керектігін ескертті. Сондай-ақ, мәжілісте талқыланған жұмыстарды нақты іске асыру мақсатында тиісті сала басшыларына егіншілік саласына қатысты мемлекеттік қолдаулар туралы ақпараттық жұмыстарды, көктемгі дала жұмыстарына дайындық шараларын үйлестіруді, ауыл шаруашылығы құрылымдарын қажетті қаржымен қамтамасыз етуді, су жолдарын тазалау және олардағы су құрылыстарын жөндеуді, шаруашылықтарда ретсіз жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеуге және жалақылардың уақытылы берілуіне тапсырмалар берді.