ҚАЗАЛЫДАҒЫ 19 КӨШЕГЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНАДЫ
Қазалыдағы адам аяғы көп мектеп, балабақша, өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл тұрғындардың жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 мектептің жанындағы автомобиль жолдарының бойына жол кедергілері мен белгілері орнатылып, 2 көше қиылысына мүгедектерге арналған синхронды дыбыстық сигналды бағдаршамдар орнатылды.
«Сонымен бірге ұзындығы 89 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін жалпы құны 1733 млн. теңгені құрайтын 2 жоба республикалық бюджетке және 8 жоба облыстық бюджетке ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.
2014 жылға облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлініп, Әйтеке би кентінің ұзындығы 19,1 шақырым болатын 23 көшесіне, Қазалы қаласының ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған қоса, елді мекендердің 12 шақырымдық ішкі жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен барлығы 92 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.