ҚАЗАЛЫДА «БІРЛІК-ЕДИНСТВО» ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ АШЫЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы ғимаратынан «БІРЛІК-ЕДИНСТВО» этномәдени қоғамдық келісім бірлестігі ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұма Нафиса төрайымдық ететін аталмыш бірлестік құрамында 10-ға жуық түрлі ұлт өкілдері бар.
Бірлестіктің ашылуына аудан әкімі Бахыт Жаханов бірлестік жұмысына сәтті қадам тілеп, қашанда қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Айта кетейік, Қазалы ауданында орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, грек, беларус, поляк ұлттарынан барлығы 533 өзге ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.
Шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық өнерлері насихатталып, ұлттық тағамдарының көрмесі мен кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орайластырылған мұндай ауқымды іс-шаралар жыл бойы жалғасады.