АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ҚАЗАЛЫ-ТЕМІРЖОЛЖЫЛУ» МКК ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында арнайы іссапармен болды, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аймақ басшысы аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыстарымен танысты.
Атап айтқанда, Әйтеке би кентіндегі «Қазалы-Теміржолжылу» МКК-ның жұмысымен, жылу орталығын жаңғырту (газға көшіру) және қайта құрылымдау мәселесімен танысты. Бу қазандықтарын табиғи газ өніміне бейімдеу үшін жобалау іздестіру жұмыстары есептеліп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 74 582,0 мың теңге қажеттілігі анықталып отыр. Аталған қаржыны облыстық бюджеттен бөлу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына тиісті бюджеттік өтінім тапсырылды.
Мұнан соң аймақ басшысы Қазалы көлік-техникалық колледжіне аялдады. Бұл білім ордасында барлығы 752 студент білім алуда. Ұжым облыс көлемінде 8 колледждің бірі болып дуальды оқыту жүйесі аясында тәжірибе алаңына айналды. Бітіруші түлектерге Қызылорда облысы және Батыс Қазақстан теміржол тораптарынан сұраныс бар.