ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНБЕК
Былтырғы жылдың қорытындысымен Қазалы қаласында 273 кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған. Қазіргі таңда оларда 355 адам жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жеке кәсіпкер О.Мырзағұл қала орталығынан заманауи талаптарға сәйкес екі қабатты сауда орталығын ашып, екінші қабатынан арнаулы сауда орнын жалға беру арқылы кәсібін кеңейтті. Онда жеке кәсіпкерлер фотосалон, тігін цехы, шаштараз, аралас заттар дүкені мен шайхана, ұялы телефон, компьютер жөндеу орталығын ашып, жұмыс жасауда. Қала тұрғындары негізінен көкөніс, бау-бақша дақылдарын егу мен және жеке мал өсірумен айналысады.
Аудан әкімі Бахыт Жаханов жыл сайынғы өзінің дәстүрлі есепті кездесуінде аудан бойынша атқарылған жұмыстарды қала тұрғындарына баяндай отырып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.