ТҰРҒЫНДАР АУЫЛ ІШІНЕ ЖАРТЫЛАЙ КІРГЕН АУЫЗ СУ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫН СҰРАДЫ
Қазалы ауданы әкімінің кезекті халықпен есепті кездесуі Арықбалық ауылдық округінде жалғасты. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Жанқожа батыр ауылындағы бірқатар көшелер жарықтандырылып, көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ауылда «Құлан», «Сыбаға» секілді бағдарламалар арқылы несие алып, өз кәсібін бастағандардың қатары көбейген. 2015 жылы да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықылас танытушыларды қолдау жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл тұрғындары аудан әкімінің жыл бойы атқарылған жұмысына өте жақсы деген баға берді. Тұрғындардың ауыл ішіне жартылай кірген ауыз су толықтырылса деген ұсыныстарына аудан әкімі Бахыт Жаханов биыл Қазалы ауданы бойынша, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және 7 елді мекенге ауыз су кіргізу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат қаралып, жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.