ҚАЗАЛЫ ЛОКОМОТИВ ЖӘНЕ ВАГОН ЖӨНДЕУ ДЕПОСЫ ЖОСПАРДЫ АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАМАҚ
Қазалы ауданындағы өнеркәсіп саласының 85,5%-ы – өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Ал оның 48,7 пайызына Қазалы локомотив жөндеу зауыты мен Қазалы вагон жөндеу депосы ие.
Қос өндіріс орны теміржол саласындағы құрылымдық өзгерістерге қарамастан, пәрменді жұмыстар атқарып келеді. Қазалы локомотив жөндеу зауыты биыл негізгі қызмет тізімінде жоқ 16 арнайы машинаны жөндеуден өткізіп, жылдық болжамды 117,9 пайызға орындауды жоспарлап отыр.
«Ал Қазалы вагон жөндеу депосы «Қазақстан теміржолы» АҚ-нан – 1605, жекелеген компаниялардан 462 вагонды жөндеуден өткізбек», - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.