БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ ЖӨНІНЕН ҚАЗАЛЫ – ІІ ОРЫНДА
2014 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен Қазалы ауданының бюджеті 2012 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға артты.
Аудан бюджетіндегі даму бағдарламаларының көлемі 1 млрд. 649 млн. теңгені құрады. Бұл – жалпы бюджет көлемінің 16 пайызы.
«Облыстық басқармалар тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік нысандарды салу, оларды инфрақұрылыммен жабдықтауға 4 млрд. 36 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде», - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
2012 жылмен салыстырғанда облыстық басқармалар арқылы құрылысқа бөлінген қаржы 2 есеге өсті. Көлемі жағынан аудан бюджеті – облыс бойынша Қызылорда қаласынан кейінгі ІІ орында.