АУЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІ ОҢАЛМАҚ
ҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жахановтың Құмжиек, Мұратбаев, ауылдық округ тұрғындарымен есепті кездесуі өтті, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарының алдында ауданда атқарылған жұмыстардың есебін берді.
-Ауыл халқына мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіре отырып, олардың несие алуына жәрдемдесіп, сол арқылы кәсіпкерлер санын одан әрі арттыру жұмыстары жүргізілуде. Жол сапасын жақсарту да осы жылдың еншісінде болмақ, - деді.
Сонымен қатар биылғы жылы Құмжиек ауылдық округіне қарасты Қожақазған ауылынан медициналық пунктінің құрылысы басталатындығын жеткізді. Осылайша жаңа емдеу орындарын ашу арқылы округтегі медицина қызметінің сапасы да арта түспек.
Ал, үстіміздегі жылы Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 орта мектепке және №15 «Балдәурен» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерінің толғандырған мәселелерін қойып,тиісті жауаптарын алды. Ауыл халқы есепті кездесуде атқарылып жатырған жұмыстарға оң бағаларын беріп, алдағы атқарылар жоспарларға келісетіндіктерін жеткізді.