ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАСТЫ НАЗАРДА
Қазалы ауданына қарасты Қарашеңгел, Басықара ауылдық округтерінде түнгі жарықтандыру жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табады. Бұл туралы аудан әкімі Бахыт Жахановтың ауыл халқымен есепті кездесуінде белгілі болды.
Қарашеңгел ауылдық округінде ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын 14 көше бар. Осыған дейін оның 4 – і жарықтандырылса, биылғы жарықтандыруға бюджеттен 508 мың теңге бөлініп отыр, - дейді аудан басшысы.
Сондай-ақ, биыл Жалаңтөс батыр ауылынан 50 орындық балабақша құрылысын және Водокачка ауылынан медициналық пункт құрылысын салу жоспарлануда, делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Басықараға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 11400 мың теңге қаржы бөлініп, ауылдағы 1276 метрді құрайтын 3 көше орташа жөндеуден өткен. Биылғы жылы ауылда 90 орындық жаңа балабақша салу жоспарлануда.
Халықпен кездесуде кезінде ауыл тұрғындары өздерінің толғандырған мәселелерін қойып,тиісті жауаптарын алды. Ауыл ақсақалдары өз алғыстарын айтып, алда атқарылар жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.