ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІКТІ ЖАҚЫНДАТҚАН КЕЗДЕСУ
Әйтеке би кенті әкімі Самат Аманов тұрғындардың алдында жылдық есеп берді, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Есепті кездесу барысында кент басшысы ең алдымен Елбасының халыққа Жолдауының негізігі бағыттарын, Жолдаудан туындайтын мақсат-міндеттерді атап өтті. Одан кейін кент әкімі кенттің өсіп-өркендеуі жолында бір жыл атқарған жұмысына егжей-тегжейлі тоқталды.
2014 жылы халықтың әлеуметтік жағдайы кент әкімінің басты назарында болған. Кент бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген 2008 адамның 1198-і тұрақты жұмысқа орналасқан.
Ауыз су мәселесі – кенттегі ең күрделі мәселелердің бірі. Бұл салаға қатысты шешімін таппаған істердің қатары көп. Осыған байланысты 2015-2016 жылдары «Әйтеке би кентін және Қазалы қаласын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салу және кеңейту» жобасы барысында 180,465 км су құбырын жүргізу жоспарлануда.
Кент тұрғындарын ойландырған көше атауларының жоқтығы, қаңғыбас иттер, күл-қоқысты тазарту, электр бағандарын жаңарту, қорымдар маңын тазалау тәрізді сұрақтардың барлығына кент әкімі Самат Аманов тиісті жауаптар берді.