ПАТРИОТТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Туының тігілгеніне 70 жыл толып отыр және осы атаулы мерекені ұлықтау мақсатында Пірімов ауылының мәдениет клубында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Шараны Құмжиек ауылдық округінің әкімі Тастайбек Сермаханов ашып, Жеңіс күнін жақындатқан ардагерлердің ерлігін өнеге етіп, жиналған халықты атаулы мерекемен құттықтады.
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 17 өнерпаз қатысты. Олар бірінші кезеңде соғыс жылдарындағы әндерді орындаудан сайысты. Ал екінші кезеңде өз таңдаулары бойынша еркін тақырыптағы әндерді орындады. Қазылар алқасының шешімімен нәтижесінде Бас жүлдені Ү.Түктібаев ауылынан қатысқан талапкер Әмір Сариев иеленсе, бірінші орынды Кәукей ауылынан қатысқан өнерпаз Гулжайна Көбекова, екінші орынды Әйтеке би кентінен қатысқан Ақерке Зинедин, үшінші орынды Басықара ауылынан қатысқан талапкер Тұрсынай Жұматай иеленді. Жүлдегерлер арнайы Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бір топ өнерпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.