ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БІР ЖЫЛДА 3 МЫҢНАН АСТАМ ІС ҚАРАЛҒАН
Аудандық сотта 2014 жылы сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Жиын барысында сөз алған сот төрағасы Қ.Темірбаев өткен жылы аудандық сотта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мұнда барлығы 3057 іс қаралғанын, оның ішінде 159 қылмыстық іс, 1116 азаматтық іс және 1782 әкімшілік істер екендігін сот төрағасы атап өтті.
Қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің көпшілігін ҚР ҚК-нің 175 бабында көзделген бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыстары құрайды. Ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым бөлігі некені бұзу туралы, банктердің азаматтардан несие қарызын өндіру туралы істердің басым болғандығы белгілі болды.
Сондай-ақ, Қ.Темірбаев медиация тәртібімен қаралған істерге тоқталып, есепті кезеңде 37-қылмыстық іс, 3-азаматтық іс, барлығы 40 іс медиация туралы келісімге сәйкес қысқартылғандығын жеткізді.
Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға төраға нақты жауаптарын берді.