ЕЛБАСЫМЫЗ ҚАЗАЛЫ ЖҰРТЫНЫҢ МЕРЕЙІН ТАСЫТТЫ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір биыл тағы да Қазалы ауданы шықты.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қолға алынған «Рза» АҚ-ның «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өңдеу зауытының» жобасы өңірдегі бірегей жобаның бірі. Елбасымыздың Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экспортты әртараптандыру, тауарлы-сүт фермаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру, ет өңдеу өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөлінгені белгілі. «Рзалықтар» осы үддеден табылуда. Аталмыш акционерлік қоғам аудандағы ең іргелі кәсіпорын есептеледі.
«Рза» АҚ-ның вице-президенті Нұрлан Имандосов Елбасымызға ұжымның ауылшаруашылығын өркендету жайлы тапсырмасына сәйкес заманауи технологиялармен жұмыс жасап жатқандарын, Еуропадан әкелінген асыл тұқымды қашарлардың саны төлі есебінен ұлғайғанын , қазіргі таңда тауарлы сүт өнімдерін шығаратын өндіріс кешені шын мәнінде толық қуатында екендігін, сиыр сауудан дайын өнімді сатуға дейінгі шаруаны өздері атқаратындарын, нәтижесінде бірқатар жаңа жұмыс орындарын ашқандарын, облыс көлемін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп, іргелес елдергесаудалауды межелегендерін, қазалылықтардың «Нұрлы жолды» қолдап, өз үлестерін қосатынын тебірене жеткізді.
Елбасымыздың «Қызылордада аса ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Сүт өнімдерін өндіру құптарлық іс. Бұрын бірнеше сиырдан сауылатын сүт енді бір бас сиырдан алынатын болыпты. Дұрыс бастама» деген лебізі Қазалы жұртының мерейін тасытты.