ҚАЗАЛЫДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СИПАТЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР АЗАЙҒАН
Қазалы ауданы әкімі Бахыт Жахановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Комиссия төрағасы Бахыт Жаханов отырыста аудан көлемінде жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Сонымен бірге, «Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар азайған. Десек те, бұл бағыттағы шараларды одар әрі күшейтіп, бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет» екенін атап көрсетті.
Отырыс барысында комиссия хаттамасымен берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәселе талқыланып, аудан әкімі Б.Жаханов бірқатар мекеме басшыларына бағынысты қызметкерлердің жұмыстарына ведомстволық бақылау орнатып, ұжымда орындаушылық тәртіпті күшейтуді тапсырды.