ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшеев аудан әкімінің шақыртуы бойынша арнайы іс сапармен Қазалы ауданында болды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Бахыт Жаханов Қазалы ауданы облыстағы іргелі, халық көп қоныстанған аудандардың бірі екендігін атап айтты. Облыс орталығынан келген мейманға аудандағы 37 медициналық нысандар және «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ-ның филиалы Қазалы теміржол ауруханасына қарасты 10 емдеу мекемелерінің жұмыстарымен таныстырды.
Аудан басшысы ауданда медицина саласында шешімін табуды қажет ететін мәселелер қолға алынып, кезегімен шешіліп келе жатқандығын айтып өтті. Апатты жағдайда пайдаланылып отырған ғимараттарды жаңа типті ғимараттармен ауыстыру қажет екенін және халық санынының өсуіне байланысты жедел-жәрдем стансасына қосымша бір бригаданың ашылу қажеттігін де жеткізді.
Фариза ОМАРОВА