ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ САЛА МАМАНДАРЫНА СЫН-ЕСКЕРТПЕ ЖАСАДЫ
Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, кент, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері, отырысқа қатысушылар ұсыныс пікірлерін ортаға салса, комиссия төрағасы Б.Жаханов Әйтеке би кент әкімдігінің құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстарына көңілі толмайтынын білдіріп, бірқатар сын-ескертпелер айтты.
Сондай-ақ, отырыстың қорытындысымен мал ұрлығын болдырмау, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, шетелдік «сынық терезелер» теориясын қолданысқа енгізу, ауданда қылмысқа қарсы күреске бағытталған жұмыстарды күшейту, бұл жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын тарту туралы хаттамалық шешім қабылданды.