ШАЛҒАЙДАҒЫ ШӘКЕНДІКТЕРДІҢ ҚУАНЫШЫ
Қазалы ауданы Шәкен ауылының тұрғындарына Тәуелсіздік күні мерекесінде ауылда заманауи дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейінгі көне ғимаратта медициналық жабдықтары болмаған. Сондықтан ауыл тұрғыны үшін жаңа амбулаторияның ашылуы көптен күткен үлкен қуаныш. Құрылыс жүргізуді міндетіне алған мердігер «Қасиет ал» ЖШС облыстық бюджеттен бөлінген 95,75 млн.теңге қаржыға ғимаратты сапалы салып бітірді.
Жаңа амбулаторияның медициналық бөлме, ультра-дыбыстық зерттеу қондырғылары, физиотерапия бөлмелері, балалар дәрігерінің қабылдау кабинеттері сияқты 40-тан аса бөлмесі бар. 11 орындық күндізгі стационар жұмыс жасайды.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бахыт Жаханов тұрғындарды маңызды мерекедегі қуаныштарымен құттықтап, теледидар сыйға тартты.
Мердігер басшысы амбулатория кілтін емхананың меңгерушісі Анар Тілеубергеноваға салтанатты түрде табыстады.