ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазалы қалалық әкімдігінің мәжіліс залында балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен күш көрсетудің алдын алу мақсатында сала мамандарының және қала жастарының қатысуымен кездесу өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары мен жас мамандар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің ювеналды полиция майоры Айнұр Тен - «Отбасындағы балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күш көрсетудің алдын-алу бағытындағы шаралар», аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Қ.Дәуіржанұлы - «Жастардың имандылыққа бет бұрысы», аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Нұржаубаев - «Дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарға кері әсері» төңірегінде толық мағлұмат берді.
Сонымен қатар, қатысушылар тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.