ҚАЗАЛЫДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Бүгін Қазалы ауданы Түктібаев ауылында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 150 орындық ауылдық клуб ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев және Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Нұрпейісов қатысты.
Екі қабаттан тұратын ғимарат заманауи талапқа сай салынған. Клубта 21 мыңнан астам қоры бар кітапхана және сурет, музыкалық білім беретін үйірмелер жұмыс жасайтын болады.
- Енді ауыл азаматтарының жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай бар. Тек соны пайдаланып, рухани құндылықтарымызды арттыруға атсалысуларыңыз қажет. Заманауи үлгідегі жаңа клубы бар ауылдан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талай талантты ұл-қыздардың өсіп-жетілеріне сенімім мол, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Биыл облыс бойынша 12 мәдени нысанның құрылысына мемлекет қазынасынан 1 млрд. 800 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, бүгінгі таңға оның екеуі ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның біреуі осы Түктібаев ауылындағы ауылдық клуб болса, екіншісі Қармақшы ауданындағы қайта жаңғыртылған Қорқыт ата ескерткіш кешені. Жыл соңына дейін облыс бойынша осындай замануи мәдени нысанның 4-і пайдалануға берілетін болады.