ЖАСТАР АРАСЫНДА КІШІ ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ
Қазалы ауданында «Қазақстан жастар көзімен» тақырыбында аудандық жастар конференциясы өтті, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Оған барлығы 400 жас қатысты. Аталмыш конференцияда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Бәймішев ауданымызда жастар саясатын жүйелі жүргізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Жиынға құқық қорғау органдары мен дербес бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер, жас мамандар, студенттер, жұмыссыз жастар қатысты.
Конференция барысында аудандағы жұмыссыз жастар арасында қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, кіші және орта бизнесті несиелендірудің жолдары бағытында, жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы мәселелер кеңінен талқыланды.
Сөз соңында аудан әкімінің орынбасары Ғабит Бәймішев аудан жастарын конференция барысында айтылған ұсыныс-пікірлердің шешімін бірігіп шешуге, Елбасымыздың кәсіпкерлерге деген ерекше қолдауын, мемлекетіміздің жастар саясатына ерекше мән беріп отырғандығын атап өтті.