«ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР»
Қазалы ауданына қарасты Басықара ауылында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімі мен Басықара ауылдық клубы бірлесіп ұйымдастыруымен «Әке көрген оқ жонар» атты аймақтық әкелі-балалы жұптардың байқауы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдағы әкенің беделін көтеру, отбасындағы әке мен баланың рөлін ұғындыру мақсатында өткізілген шараны аудан әкімінің орынбасары Ғабит Бәймішев ашып, көпшілікті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтады. Байқауға жеті ауылдық округтен әкелі-балалы жұптар қатысты.
Сайыстың нәтижесінде Өркендеу ауылынан қатысқан әкесі Көмекбай Бөлекбайұлы мен баласы Талап Көмекбайұлы бірінші орынды жеңіп алса, Басықара ауылынан қатысқан әкесі Ғалымбек Әбдулямитұлы мен баласы Бердібек Ғалымбекұлы екінші орынды және Жанқожа батыр ауылынан қатысқан әкесі Мейрамбек Тілеубергенов пен баласы Еркін Мейрамбекұлы үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, Ғ.Мұратбаев, Абай, Ақтан батыр, Бірлік ауылдарынан қатысқан әкелі-балалы жұптар арнайы номинациялармен марапатталды.