ҚАЗАЛЫДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗАРА САЙЫСҚА ТҮСТІ
Қазалы ауданында «Жастарды қолдау орталығы» МКМ аудандық бөлімі қолөнер шеберлерінің байқауын өткізді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандағы талантты қолөнер шеберлерін халыққа таныстыру, олардың туындыларын көпшілікке насихаттау - байқаудың басты мақсаты болды. Тартысты өткен додаға кенттегі орта мектептер мен колледждерден барлығы 14 қолөнер шеберлері қатыстырылды. Олардың бұйымдары көрмеге қойылып, арнайы бекітілген қазылар алқасы сарапқа салды.
Нәтижесінде бірінші орынды №249 мектеп-лицейдің оқытушысы Нұрлыбек Жүгінісов жеңіп алса, екінші орынды №216 мектептің қызметкері Бақытбек Нарегеев және №266 мектеп-лицейдің оқытушысы Асқар Бабасов, үшінші орынды №165 мектептің мұғалімі Сұлтан Бисенбаев, Қазалы көлік-техникалық колледжінің студенті Әсем Көлбай, №70 мектептің қызметкері Айгерім Ысқақова иеленді. Жүлдегерлерге арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, бір топ қолөнер шеберлері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Шынар БЕКБАН