ҚАЗАЛЫДА ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРГЕ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Кеше Қазалы ауданы әкімі Бахыт Жаханов ауданның орталық көшелеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған бейнебақылау камералардың жұмыстарын көрді.
Әйтеке би кентінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сыртқы бейнебақылау камераларын орнатуға 2014 жылы аудандық бюджеттен 3264,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу өткізілді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Қызылорда қаласынан «АрданСтройKZ» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, кент көшелеріне, саябақтар мен алаңдарға 12 сыртқы бейнебақылау камераларын орнатты.