АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР САЛА МАМАНДАРЫНА ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ
Аудан әкімі Бахыт Жаханов аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап, бірқатар сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді. Ең алдымен Ү.Түктібаев және Жалаңтөс батыр ауылдарындағы жақында ғана ашылған мешіттерде болып, құран бағыштады.
Одан әрі Ү.Түктібаев ауылындағы Тәуелсіздік күнінде берілгелі жатқан 150 орындық ауылдық клуб құрылыс жұмыстарымен танысты. «Қожабақы-Аранды» автомобиль жолын қайта жаңғырту, «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автожолының 20 шақырымында орналасқан Сол жаға магистралды каналынан өтетін темір-бетон көпір құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл Бірлік ауылында орналасқан көпірдің жұмыстары жаңа жылға дейін аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілетін болды.
Қазалы қаласындағы №1 «Ақерке» балабақшасында болып, Әйтеке би кентіндегі №4 «Шұғыла» балабақшасындағы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Әйтеке би кентіндегі «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан 12 арендалық тұрғын үй құрылысы және олардың инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін жұмыстарымен танысып, барлық тұрғын үйге жеке дара аралап шықты. Және 5 квартал аймағынан салынып жатқан 18 пәтерлік тұрғын үй құрылысымен танысып, барлық пәтерлерді аралап көрді. Бұл пәтерлер Тәуелсіздік күні берілгелі жатыр.