РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА
Қазалы ауданы Ақтан батыр және Ғ.Мұратбаев ауылдарының халқымен Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық топ ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев, облыстық спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және Қазақстан-Қызылорда телеарнасы директорының орынбасары Ғалымжан Бәйімбет келді.
«Мәңгілік Ел идеясын одан әрі дамытуды, Нұрлы жол жаңа экономикалық саясатын ұсынған биылғы Жолдау еліміздің жарқын болашағына жол сілтейді. Онда айтылған әрбір бағыт-бағдар мен міндеттердің ел өмірі үшін маңызы зор. Сондықтан, Ұлт көшбасшысы идеясының аясына бірігіп, ол жүктеген тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруымыз қажет. Өйткені, Жолдау бәрімізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Сол себептен, баршаңызды Жаңа Экономикалық Саясатты белсенді жүзеге асыруға шақырамын» - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев.
Бұл кездесу барысында Жолдаудың басым бағыттары мен негізгі міндеттері бойынша өзара пікір бөлісті.