ЖАҢА ҮЙЛЕР САЛЫНАТЫН АУМАҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Биыл Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығындағы аумақта «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша 75 тұрғын үй мен қосымша 130 жеке тұрғын үй салу үшін табысталатын жер учаскелері инженерлік инфрақұрылыммен қамтылады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы мақсатта әзірленген жалпы құны 458 млн. теңгені құрайтын жобаның 203 млн. теңгесі бөлініп, оған 5 шақырым жарық шамдарымен қоса электр желілері және 5,5 шақырым ішкі көше жолдарының құрылысы жүргізіледі. Нәтижесінде жаңа аймақта баспаналар бой көтереді.
Екі аралықты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде іске асыратын болады.