ҚАЗАЛЫЛЫҚ ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗАРА СЫНҒА ТҮСТІ
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде мектеп оқушылары арасында «Сырлы дүние» атты 7-17 жас аралығындағы аудандық қылқалам шеберлерінің байқауы өткізілді.
Байқауға Әйтеке би кенті мектептерінен 29 талапкер сурет шеберлері қатысса, кент мектеп оқушылары мен тұрғындарынан 100-ден аса жастар белсенділікпен атсалысты.
Байқау нәтижесінде 7-9 жас аралығында І-орынды №249 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Жансая Өмірзақова, ІІ-орынды №266 мектептің 3 сынып оқушысы Мирас Әуезов, ІІІ-орынды №249 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы Арсен Оңдасынов, 9-14 жас аралығында І-орынды №249 мектептің 6 сынып оқушысы Жайберген Асылжан, ІІ-орынды №216 мектептің 7 сынып оқушылары Қуантқанұлы Нұрғали, Нұрғиса, ІІІ-орынды №165 мектептің 5 сынып оқушысы Жиылыс Баян, 14-17 жас аралығында І-орынды №234 мектептің 10 сынып оқушысы Тасбау Гүлжайна, ІІ-орынды №234 мектептің 10 сынып оқушысы Орынбасар Қуаныш, ІІІ-орынды №70 мектептің 9 сынып оқушысы Аюбай Ұлан иеленді.
Байқау жеңімпаздарына арнайы жүлделі дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.