ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА 13 ЖҰМЫССЫЗ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Қазалы аудандық жастар үйі ғимаратында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыссыздар мен бірге жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңке барысында қатысушыларға 17 мекемелер мен кәсіпорындардан, жеке кәсіпкерлерден 88 бос жұмыс орындары ұсынылды. Қорытындысында 3 жұмыссыз ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа, 10 жұмыссыз адам тұрақты жұмысқа, оның ішінде 1 жұмыссыз ІІІ-топ мүгедегі аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарауылдық жұмысқа жіберілді.
Шынар БЕКБАН