ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ АҚШАЛАЙ СЫЙ ЖАСАДЫ
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейде КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионы, әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындардың күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстан Республикасы гандбол федерациясының президенті, Азия федерациясының кеңес мүшесі Гүлнар Тұрлыхановаға арналған «Арға суарған ақинақ» атты кездесу кеші өтті.
Спортшылар қазалылық жас жеткіншектерге өздерінің спорт әлеміндегі және өмірлерінде қызықты оқиғаларымен сыр шертісіп, пікір алысты. Сонан соң №249 мектеп-лицейдің бір топ Дәулет есімді оқушылары сахна төріне шығып, өскен соң даңқты спортшының атына кір келтірмей, үлкен азамат болып өсетініне сендірді. Сонымен қатар, спорттық сайыстарда ауданымыздың намысын абыроймен қорғап жүрген білім ордасының шәкірттері жеткен жетістіктерімен бөлісіп, Дәулет ағасынан бата сұрады. Дәулет Болатұлы тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізіп, аудан әкімі Бахыт Жахановқа естелік сыйлықтарын тарту етті. Сондай-ақ, аудан спортшыларының биік белестерді бағындыруына шынайы тілектестігін білдіріп, аудандық білім бөліміне 100 мың АҚШ долларын сыйға тартты.
Басқосу барысында ҚР эстрада жұлдыздары Толқын Забирова мен Медеу Арынбаев және оның өнердегі шәкірті Жанғали Әбішев әннен шашу шашып, көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.
Шынар БЕКБАН