ҚАЗАЛЫДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қазалы аудандық мәдениет Орталығында облыстық зағип жандарға арналған кітапханада «Жүрегім өлеңмен тербеледі» атты кеш өтті.
Шараны аудандағы зағиптар қоғамының төрағасы Қ.Омар ашып, ұйымдастырушыларға өз лебізін білдірді. Облыстық зағип жандарға арналған кітапхананың кітапханашысы П.Қошқарова мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпараттық-технологиялық сауаттылығын көтеріп, оларға «Электронды әкімдік» бағдарламасын қолданудың жолдарын баяндады. Сонымен қатар кеште өлең оқылып, әннен шашу шашылды.
Шараға қатысушы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дайындалған сый-сияпаттарын табыстап, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді және аталған кешке зағип жандардың атынан С.Шайыхов өзінің алғысын жеткізді.