АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ АРЗАН БАҒАМЕН САТЫЛДЫ
Биыл Қазалы ауданы бойынша 17930 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, басты дақылымыз күріш егісінің көлемі – 7435 га жетті. Аудан дихандарының қажырлы еңбегінің арқасында ауа райының дақылдарының пісіп-жетілуі мен егін жинау жұмыстары үшін қолайсыз болғанына қарамастан егін жинау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізіліп, әр гектардан 37,6 центнерден өнім жинап, 26147 тонна астық алынды.
Осы орайда, аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерді дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдерін халыққа насихаттау арқылы сұранысты және өндіріс орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Қазалының өнімдері» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, ауыл шаруашылық өнімдері 15-20 пайыз төмен бағамен халыққа ұсынылды.