ҚАЗАЛЫДА СПОРТТЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын одан әрі қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты басымдық беріп, алдағы міндеттерді бірге атқаруға шақырған болатын.
Бүгінгі таңда Елбасы жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда Қазалы ауданы халқы аса жауапкершілікпен қарап, жергілікті атқарушы билік пен жеке бизнес өкілдері арасында бір мақсат, бір мүдде аясында аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында тиісті шаралар атқарылып жатыр.
Жыл ішінде мемлекет тарапынан ауданда бірнеше білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында ел игілігі үшін бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы салынып, жаңадан пайдалануға берілд. Жекелеген бизнес өкілдері тарапынан да аудан халқына сапалы қызмет көрсету бағытында түрлі кәсіпкерлік нысандары жаңадан ашылып өз қызметтерін көрсетуде. Өз кезегінде халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті салық көзінің көбеюіне, жалпы алғанда аудан экономикасының одан әрі дамуына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Елбасы өз Жолдауында «Уақыт талабына және сұранысқа сай нарыққа жаңа бизнес түрі мен қызметтер келуі тиіс» деп ерекше атап өткендей бүгін Қазалы ауданында бәсекеге сай жаңадан «Алтын орда» қонақ үй кешені мен спорттық сауықтыру фитнес орталығы салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.