ҚАЗАЛЫЛЫҚ 150 ЖАС «ЖАСЫЛ ЕЛ» ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРМАҚ
Жуырда Қазалы қаласындағы «Шағала» тынығу лагерінде «Жастарды қолдау орталығы» МКМ аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтары ашылды.
Қазалы ауданында «Жасыл ел» жасағына маусым айында 49 жас жұмыспен қамтылып, тиісті жұмыс жүргізсе, шілде айында 49 сарбаз екінші кезеңдік жұмыстарын жүргізу үстінде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы, осы жылдың қорытындысы бойынша 150 жасты «Жасыл ел» жасағының қатарына қосу жоспарланып отыр. Сонымен бірге аудан көлемінде жастарды «Құрылыс жасақтарына» кеңінен тарту шаралары қабылданып, 11 жас құрылыс нысандарына жұмысқа қосылды.