ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ-БЕЛГІ ҚОЙЫЛДЫ
Қазалы ауданындағы Ұлы Отан Соғысының ардагері, «Құрметті теміржолшы» Әнәпия Ұзақбайұлына ұрпақтары ескерткіш-белгі орнатты.
Әнәпия Ұзақбайұлы 1950-1953 жылдары Шалқар станциясындағы тораптық теміржол партия комитеті саяси бөлімінің бастығы, 1953-1957 жылдары Түркістан-Сібір теміржолы бойының саяси бөлім бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 1957-1961 жылдары Қазалы станциясындағы теміржол училищесінің директоры болып тұрған кезінде тігінші, станция кезекшілері мамандықтарын ашып, өзі басқарған училищенің оқу-материалдық базасын нығайтуға барынша күш жұмсаған.
Осындай біртуар азаматтың көзі тірісінде жасаған еңбегін ескерген халқы 1999 жылы бір көшеге есімін берген болатын. Бүгінде ұрпақтары ескеркіш-белгі орнатты.
Ескерткіштің ашылуында сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Махашов биыл Ә.Ұзақбаев атындағы осы көшеге облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға қиыршық тас қабатын төсеу жұмыстары жүргізілгендігін, алдағы уақытта көше асфальтталатынын айтты.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі