МЕШІТ - ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ
Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылында ауыл тұрғындарының демеушілігімен имандылық үйі болып саналатын батыр баба атынан жаңа мешіт салынды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
150 орынға арнап салынған мешіт 2 жамағат бөлмесі, 1 имамның бөлмесінен тұрады. Тек құлшылық орны ғана емес, рухани орда, сауапты һәм салауатты іс-шаралар атқа¬ры¬латын, жас-жұбай¬лардың некесі қиылатын, діни біліммен сусындайтын сауат ашу орталығына айналғалы отыр.
«Мешіт-жамағатымен көрікті» демекші атақты Ақсақ Темірден кейінгі бүкіл Тұранға билігін жүрігізіп, Самарханд әмірлігін 40 жыл басқарған Жалаңтөс батыр баба атындағы мешіт іші мінажат етіп, имандылықтың ізгі жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын, - деп аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Махашов жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.
Сондай-ақ, «Жалаңтөс батыр» атындағы қордың төрағасы Ыдырыс Қалиев қордың атынан елдегі белсенді азаматтарға орден мен кітаптарын, бабаның бейнесі бейнеленген кілемшелер табыстады.
Фариза ОМАРОВА